БҚДА ЖӘНЕ ҚАТАРЛЫҚ «LESHA BANK» БАСШЫЛАРЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕРДІ КЕҢЕЙТУ ЖӘНЕ БАНК СЕКТОРЫНА ИННОВАЦИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕСІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Төрағасы «Lesha Bank» Қатар инвестициялық банкінің бас директоры Мұхаммед әл Эмадимен және оның делегациясымен кездесу өткізді.
Кездесуде Қазақстан мен Қатар арасындағы өзара іс-қимыл мен экономикалық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды. 2024 жылғы мамырда «Lesha Bank» «Bereke Bank» банкінің 100% акциясын «Бәйтерек» холдингінен 65 млрд теңгеге сатып алып, Қазақстандағы шетелдік банктердің санын көбейтті.
Агенттік басшысы инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетуге, оның ішінде банк нарығындағы кедергілерді еңсеруге дайын екендігі туралы айтты. Агенттік шетелдік банктердің жергілікті нарыққа интеграциялануына белсенді түрде жәрдемдесуге ниетті. Бұл бәсекелестік ортаны жақсартуға және банк қызметтерінің сапасын арттыруға ықпал ететін болады.
Бұдан басқа, банктердің қызметтері мен өнімдерін кеңейту жөніндегі перспективалар мен одан әрі қадамдар талқыланды. Сондай-ақ экономиканы ырықтандыру және қаржылық қызметтерді қолжетімді ету, жақсарту үшін Open API және Open Banking тұжырымдамаларын әзірлеуге назар аударды.
Экономиканы ырықтандыру, оның ішінде жекешелендіру жөніндегі Ұлттық кеңсе құру жөніндегі шараларға ерекше назар аударылды.
Мұхаммед әл Эмади Марат Омаровқа кездесуге уақыт тапқанына алғысын білдіріп, қазақстандық әріптестерімен банк саласындағы сараптамалық тәжірибелерімен бөлісуге дайын екенін атап өтті
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -