БӨКЕТОВ УНИВЕРСИТЕТІ МЕН МИЧИГАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ (АҚШ) ҒАЛЫМДАРЫ ҚОЛА ДӘУІРІНДЕГІ АДАМНЫҢ ТАМАҚТАНУ МОДЕЛІ БОЙЫНША БІРЕГЕЙ ЖОБАНЫ ІСКЕ АСЫРУҒА ДАЙЫНДЫҚ ҮСТІНДЕ
Ағымдағы жылдың 14-16 мамыры аралығында Қарағанды Бөкетов университеті жанындағы Сарыарқа археологиялық институты Мичиган Университетінен (АҚШ) келген делегацияны қабылдады. Делегация құрамында антропология кафедрасының профессоры, палеозоолог Алиша Р. Вентреска Миллер және оның екі студенті - Кара Ларсон мен Даниэль Гарнер болды.
Делегация өкілдері Басқарма Төрағасы – Ректор Н.О. Дулатбековпен кездесті.
Америкалық қонақтардың бұл сапарының мақсаты: әлемдік археологияда Қазақстаннан тыс жерлерде кеңінен танымал институттың остеологиялық коллекцияларымен танысу.
Институт қызметкерлері мен Мичиган университетінен келген әріптестер қола дәуіріндегі адамдардың диетасы мен тағам сапасына бағытталған болашақ жобаның идеяларын талқылады. Изотоптық талдау, азот, протеин және стронций құрамы бойынша заманауи технологияларды қолдана отырып, адам мен жануарлардың сүйек қалдықтарындағы тіс тасын талдау негізінде қола дәуіріндегі адамның тамақтану моделі қайта құрылады, бұл адамзаттың қазіргі жаһандық тағамдық тәуекелдерінде үлкен маңызға ие. Мұндай жобаны алғаш рет Қазақстанда жүзеге асыру жоспарлануда.
Кездесу қорытындысы бойынша екі жоғары оқу орны – серіктестер арасындағы зерттеушілік қызметтегі халықаралық ғылыми коллаборация мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -