БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі әмбебап кезеңдік шолуына дайындық мәселелері бойынша отырыс өтті
2024 жылғы 15 қарашада Әділет министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп Адам құқықтары жөніндегі Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) шеңберінде Қазақстан Республикасының төртінші кезеңдік Ұлттық баяндамасын қорғауға дайындық бойынша отырыс өткізді. Іс-шара Ұлттық Академиялық кітапханада өтті.
Әмбебап кезеңдік шолу – бұл барлық 193 мүше мемлекеттерді қамтитын және мемлекеттерге адам құқықтарын қорғау саласында қабылданған шаралар туралы төрт жылда бір рет есеп беруге мүмкіндік беретін БҰҰ-ның бірегей тетігі. ӘКШ елдерге табысты тәжірибелерімен бөлісуге және жақсарту бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Отырыста мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының Коалициясы дайындаған Балама баяндамаларды талқылады.
Баяндамаларда сөз бостандығы, ақпаратқа қол жеткізу, жиналыс бостандығы, дін, сайлауға қатысу және мемлекетті басқару сияқты негізгі салалардағы ағымдағы жағдайды бағалау және жақсарту бойынша ұсыныстар берілген.
Айта кету керек, 2019 жылы өткен ӘКШ қорытындысы бойынша Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне мүше елдерден 245 ұсыныс алды. Оның ішінде 57-сі аталған салада қолдау тапты және табысты іске асырылуда.
Отырысқа қатысушылар Баламалы баяндамаларды талқылаудың маңыздылығын атап өтіп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -