Бір жанұя – екі қызмет
Қыркүйектің екінші жексенбісі отбасы күні болып бекітілген болатын. Елімізде отбасы күні айрықша аталып өтіледі. Ұлытау облысының ТЖ департаментінде де тізіп айтатын үлгілі отбасылар жетерлік. Солардың бірі – Ерсеитовтер отбасы. Азаматтық қорғау майоры Аян Байқоңырұлы Ерсеитов ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы болып қызмет атқарады. Жұбайы Балдырған Сәулебекқызы Мамыраева құқық қорғау органыда Жезқазған қаласының Полиция басқармасында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор қызметінде, шені – капитан. Ерсеитовтар отбасында біреуі халыққа көмек берсе, екіншісі халықтың тыныштығын қорғайтын мамандықты таңдаған.
Отбасында үш бала өсіп келеді, олар өскенде ата-анасының жолын қуып, игі мамандық иелері болғылары келеді.
Отбасы мүшелері жұмыстан келгенде дастархан басында бас қосып, әңгіме айтқанды ұнатады.
Аян мен Балдырған жедел қызметте жұмыс істегендіктен, бір-бірін түсініп, қиын сәттерде қолдап, біріге шешім қабылдап отбасын айрандай ұйытып отырған үлгілі отбасылардың бірі.
«Отбасы – қиын сәтте жаныңан табылып, қолдау білдіретін ең жақын адамдар. Олар күліп, бақытты болып жүрсе менде бақыттымын. Ата-анасының жедел қызметіне балалар да үйренген, аяқ астынан жедел түрде жұмысқа шығып кеткенде өздері бір-біріне қарайласып, үйде отыра береді. Қызым Нұрсая өскенде мұғалім боламын десе, екі ұлым Ерасыл мен Ақтілек әке жолын қуып, өрт сөндіруші боламыз дейді», - деп Аян бөлісті.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -