Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Жоғары аудиторлық палатаның тексерісінен кейін тәуекелдерді басқару жүйесін әзірледі
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тәуекелдерді басқарудың ведомстволық жүйесін (ТБЖ) әзірлеп, бекітті. Бұл республиканың тауар нарығын талдау мен мониторингтеудің ашықтығын қамтамасыз етеді.
Бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу саласындағы мемлекеттік саясатқа жүргізілген аудит қорытындысы бойынша Жоғары аудиторлық палата айтарлықтай сәйкессіздікті анықтап отыр: Агенттікте тауар нарығы субъектілерінің қызметін талдау және мониторингтеу құзыреті бар, бірақ бұл жұмысты жүргізудің нақты тәртібі жоқ. Бұл субъектілерді таңдау процесінің ашық болмауына әкелді.
Жағдайды түзету үшін Агенттік Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы шеңберінде тәуекелдерді басқарудың тиісті жүйесін бекітті. Оның көмегімен белгілі бір тауар нарығын, сондай-ақ оның нақты субъектілерін мониторингтеуге қатысты шешімдерді қабылдау процесі нақты тәуекел өлшемшарттары негізінде жүзеге асырылады (жоғары, орташа, елеусіз).
ТБЖ шеңберінде деректердің үлкен көлемі талданады: статистика мәліметтері, мемлекеттік органдардан (Әділетмині, МКК және т. б.) және әкімдіктерден алынған ақпарат, жеке немесе заңды тұлғалардың дәлелді шағымдары мен өтініштері. Сонымен қатар тауар нарығының әлеуметтік маңыздылығы, оның жұмыс істеп тұрған субъектілерінің құрамының қысқару фактілері, сондай-ақ бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама нормаларын бұзу фактілері және т.б. ескеріледі.
Нәтижесінде бәсекелестіктің жай-күйіне жоспарлы талдау немесе баға мониторингін жүргізу туралы дәлелді және ашық шешім қабылданады. Атап айтқанда, бұл жұмыс біреудің үстем немесе монополиялық жағдайды пайдалану фактілері кезінде нарық субъектілерінің немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.
Бәсекелестіктің жай-күйіне жоспарлы талдау немесе баға мониторингі жүргізілетін тауар нарығының тізбелері жыл сайын жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы орындалып, қажетті өзгерістер күшіне енді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -