Бағалы қағаздар нарығын дамыту жөніндегі шаралар туралы: Алматы қаласы, 04 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Бағалы қағаздар нарығын дамыту жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 22 қаңтардағы №1 қаулысының қабылданғаны туралы хабарлайды.

Қаулымен қазақстандық банктерге депоненттің атына орталық депозитарийде ашылған депоненттің шоттарын басқару бойынша қызметтер көрсету құқығы беріледі (шот операторының институтын енгізу). Бұл жаһандық кастодиандарға шоттың сенімді басқарушысы арқылы қазақстандық бағалы қағаздармен мәмілелерді жүзеге асыруға және жергілікті қор нарығында операциялық тәуекелдерді басқаруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, өз клиенттеріне АХҚО аумағында және шетелдік биржаларда жасалған қаржы құралдары мен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізу бойынша қызметтер көрсету бөлігінде орталық депозитарийдің функционалы кеңейтілді. Тиісті түзетулер енгізілгенге дейін осындай мақсаттар үшін қор нарығының қазақстандық қатысушылары шетелдік есеп айырысу ұйымдарына жүгінді.

Сонымен қатар, Орталық депозитарийге шет мемлекеттердің құқығына сәйкес оның клиенттері бағалы қағаздар бойынша алатын кірістеріне салынатын салықтарды әкімшілендіру функцияларын жүзеге асыру құқығы берілді.

Осылайша, қабылданған шаралар шетелдік инвесторлардың қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздары бойынша есеп айырысуларға қол жеткізуін жеңілдетуге, сондай-ақ тұтастай алғанда орталық депозитарий ұсынатын қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Агенттіктің cыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Ақпарат көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2025 жылғы 22 қаңтардағы №1 қаулысының қабылданғаны туралы хабарлайды.

Қаулымен қазақстандық банктерге депоненттің атына орталық депозитарийде ашылған депоненттің шоттарын басқару бойынша қызметтер көрсету құқығы беріледі (шот операторының институтын енгізу). Бұл жаһандық кастодиандарға шоттың сенімді басқарушысы арқылы қазақстандық бағалы қағаздармен мәмілелерді жүзеге асыруға және жергілікті қор нарығында операциялық тәуекелдерді басқаруға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, өз клиенттеріне АХҚО аумағында және шетелдік биржаларда жасалған қаржы құралдары мен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізу бойынша қызметтер көрсету бөлігінде орталық депозитарийдің функционалы кеңейтілді. Тиісті түзетулер енгізілгенге дейін осындай мақсаттар үшін қор нарығының қазақстандық қатысушылары шетелдік есеп айырысу ұйымдарына жүгінді.

Сонымен қатар, Орталық депозитарийге шет мемлекеттердің құқығына сәйкес оның клиенттері бағалы қағаздар бойынша алатын кірістеріне салынатын салықтарды әкімшілендіру функцияларын жүзеге асыру құқығы берілді.

Осылайша, қабылданған шаралар шетелдік инвесторлардың қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздары бойынша есеп айырысуларға қол жеткізуін жеңілдетуге, сондай-ақ тұтастай алғанда орталық депозитарий ұсынатын қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Агенттіктің cыртқы коммуникациялар басқармасы

press@finreg.kz

Аймақтағы жаңалықтар