Байқоңыр ауданында реновация аясында тұрғын үй қорын жаңартудың екінші кезеңі басталды
Байқоңыр ауданын қайта жаңғырту, яғни реновация аясында ескі үйлерді сүріп, жаңа тұрғын үй қорын қалыптастыру жұмыстарының екінші кезеңі басталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Алғашқы кезеңінде: жыл басынан бері Байқоңыр ауданы бойынша тозығы жеткен үйлерді сүру, ондағы тұрғындарды жаңа үйге көшіру аясында инвестор тарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілген болатын. Бірінші кезеңнің нәтижесі бойынша бірқатар ірі құрылыс компаниямен келісімдер жасалған болатын.
Бүгінгі күні сол құрылыс компанияларымен реновация аясында үйлерді сүру басталды.
Мәселен, «BI-Group» компаниясымен тозығы жеткен үйлерді сүрумен бірге 4,3 га жер таңдап алынды. Қазіргі уақытта ескі үйлердің жарты бөлігі сатып алынды, орнына жаңа заманауи тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Бүгінгі күні аталған учаскелерде қоршаулар қою басталды, ал құрылыс-монтаждау жыл соңына жоспарланып отыр.
Әрі қарай «Мой дом», «GBG», «Orda invest», «Galamat» секілді тағы да басқа компаниялармен жұмыс жалғасатын болады.
Жалпы бағдарлама аясында бас жоспарға сәйкес Байқоңыр ауданы аумағында 865 жеке тұрғын үй сүріліп, орнына:- 96 көпқабатты тұрғын үй;- 3 мектеп, 10 балабақша, - 4 медицина орталығы, 5 шағын емхана;- 21 бизнес және кәсіпкерлік нысандары;- 3 қоғамдық кеңістік;- 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен 2 мәдениет нысанын жайластыру жоспарлауда.
Айта кетейік, реновация аясында аудан бойынша барлығы 290 гектар жер таңдап алынған болатын. Қазіргі уақытта аталмыш жұмыстар басталған аумақ осы учаскенің 32 гектар аумағын құрайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -