«Балаларды суда қорғаңыздар» акциясының қорытындысы
Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні аясында 25-31 шілде аралығында ТЖМ мен оның аумақтық бөлімшелері мүдделі мемлекеттік органдармен және волонтерлермен бірлесіп «Балаларды суда қорғаңыздар» апталық акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты - су айдындарында жазатайым оқиғалар мен балалардың өлімінің алдын алу.
Осы акцияны өткізу кезеңінде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Қазақстанның құтқарушылары су айдындарында 52 адамды, оның ішінде 14 баланы құтқарды. Жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өлім-жітімнің 2 есеге төмендегені байқалады.
12 мыңға жуық баланы жүзу дағдыларына оқыту жалғасуда, 961 ата-аналар чатында 137 837 адам қамтылды.
Апта ішінде 21 591 адамды қамти отырып, 5 331 рейдтік іс-шара өткізілді, ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша 138 хаттама жасалды.
Акция аясында барлық тиісті мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерімен флешмобтар іске қосылды, мектепке дейінгі мекемелерде суда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері бойынша сабақтар өткізілді.
Іс-шара барысында балаларға құтқару шеңберін қалай дұрыс пайдалану және құтқару кеудешесін кию керектігі үйретілді, сондай-ақ суға батып бара жатқан адамға алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібі көрсетілді.
Су айдындарында, әсіресе ауылдық жерлерде болған оқиғалардың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Профилактикалық жұмыс және судағы қауіпсіздік шаралары, рейдтер мен патрульдер жүргізу арқылы балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыруға жол бермеу туралы ақпарат беру ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -