Балаларды құтқарғаны үшін марапатталды
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Марат Күлдіков балаларды құтқарғаны үшін алғыс хаттармен салтанатты түрде марапаттады.
2024 жылғы 3 қарашада Ақбұлақ өзенінің маңында, Амман көшесі 14 мекенжайы бойынша "Мечта" сауда үйінің жанында соңы қайғылы аяқталы мүмкін болған оқиға орын алды. Жағадан балық аулап отырған 2014 және 2013 жылы туған екі бала абайсызда өзенге құлап кеткен.
Арсланбек Магзум (Астана қаласының "AMANAT" партиясы жанындағы "Жастар Рухы" ЖК филиалының төрағасы) және Роман Стратонов қиын жағдайда абдырап қалмай, қауіп-қатерге қарамастан, балаларды қауіпсіз жерге шығарған. Осыдан кейін жедел медициналық көмек дереу шақырылып, зарап шеккендер кәсіби мамандардың қарауына берілген.
«Бұл жағдай қиын сәттердегі іс-әрекеттің үйлесімділігі мен жылдамдығының қаншалықты маңызды екендігінің айқын дәлелі, сонымен қатар кез келген сәтте көмекке келуге дайын адамдардың батылдығы мен адалдығының үлгісі болып отыр»,- ТЖД бастығы атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -