Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту
Қазақстандықтар eGov.kz порталының көмегімен банктік қарыздарды алудан шексіз мерзімге бас тарта аладыСервисті пайдалануға тек азаматтың өзі ғана өтінім бере алады. Кредиттер мен шағын қарыздарды ресімдеуге тыйым салу мерзімсіз уақытқа қойылады. Сондай-ақ, пайдаланушы кез келген уақытта несиелер мен қарыздарды алуға белгіленген шектеулерді алып тастай алады.Қызметті алу үшін:- eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Кеден және салықтар» бөліміне өтіңіз;- тізімнен «Экономика және қаржы» бөлімін таңдап, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» қызметін таңдаңыз;- қажетті жолдарды толтырып, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойыңыз;- көрсетілетін қызмет нәтижесімен Жеке кабинетте танысуға болады. Аталған қызмет eGov mobile қосымшасында «Қызметтер» - «Салықтар және қаржы» бөлімінде қолжетімді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -