Басқалардың тәжірибесі негізінде
Шығыс Қазақстан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, полиция аумақтық департаменттері және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері қатысуымен сайлау учаскелерінің, сондай-ақ көлік, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, күзет қызметі субъектілерінің өкілдері үшін террористік сипаттағы ықтимал қауіп-қатерлерге объектілердің әртүрлі тұлғаларының іс-қимыл алгоритмдері түсіндірілді.
Нысан аумағында құқық бұзушылықа кедергі келтіретін әрекеттер жасау және алдын ала шаралар қабылдау жөнінде ақпарат жеткізілді, «күдікті» заттар анықталған кезде бірінші кезектегі іс-қимылдар алгоритмі, терроризм актісінің алдын алуға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидаларынан үзінді келтірілді. Штаттық оқ-дәрілер мен қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардың үлгілері көрсетілді.
Сондай-ақ көлік, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, күзет қызметі субъектілерінің басшылығы мен персоналы терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл желісі бойынша қолданыстағы заңнаманың талаптары бұзылған жағдайларда жауапкершілік туралы хабардар етілді.
Материал Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпаратына негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -