Бас прокуратура қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты
Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Халыққа Жолдауында "Таза Қазақстан" ұлттық экологиялық акциясының жаңа мәдениетті, жаңа қоғамдық этиканы орнықтырудағы, туған елге деген сүйіспеншілік пен жанашырлықты білдірудегі маңыздылығын ерекше атап өтті.
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында Бас прокуратура қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Іс-шараның мақсаты - қоршаған ортаның тазалығына қамқорлық жасау және табиғат пен еңбекке жауапкершілікпен қарау.
Прокурорлар осы мүмкіндікті пайдалана отырып, азаматтарды заң мен тәртіпті сақтауға және елді мекендерінің тазалығына қамқорлық жасауға шақырады.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -