Бас прокуратурада экологиялық қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңес өткізілді
27 желтоқсанда Бас Прокурор Экология және табиғи ресурстар министрінің, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдар басшыларының қатысуымен экологиялық қауіпсіздік мәселесі бойынша республикалық кеңес өткізді.
Прокурорлық тексерулер жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар, сондай-ақ өндіруші, қайта өңдеуші өнеркәсіп субъектілері тарапынан экологиялық заңнаманың көптеген бұзушылықтарын анықтады.
Олардың нәтижелері бойынша Үкіметке заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді. Жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға тағы 60 қадағалау актісі енгізілді. 259 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Прокурорлар қоршаған ортаға келген 30 млрд теңге залалды өндірді.
Кеңесте тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды орналастыру мен қайта өңдеудің, су объектілері мен атмосфералық ауаның ластануының, ормандарды, флора мен фаунаны қорғаудың негізгі мәселелері қозғалды.
Тек прокурорлар эко еріктілер және белсенділермен бірлесіп, жыл сайын 7 мыңға дейін рұқсат етілмеген тұрмыстық қоқыс үйінділерін анықтап, жою шараларын қабылдауда.
Ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіретін әуе айлақтарының жанындағы полигондар ерекше алаңдаушылық тудырады.
Сондай-ақ өнеркәсіптік қалдықтардың көбеюі және оларды кәдеге жаратусыз, қайта өңдеусіз қоймалау байқалады.
Жалпы кеңес қорытындысы бойынша Экология министріне экологиялық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін, оның ішінде озық шетелдік тәжірибені пайдалана отырып әзірлеу және іске асыруға күш-жігерді жұмылдыру тапсырылды.
Өнеркәсіптік қалдықтар мен шығарындылар бөлігінде экологиялық ақпаратты жинақтауды автоматтандыру, кәсіпорындардың есептерін қабылдау мен өңдеуді цифрландыру, сондай-ақ «жасыл» технологияларды енгізу және ластаушы өндірістерді жаңғыртуды қарқындату ұсынылды.
Елдегі экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі Бас прокуратураның барлық ұсыныстары мен іс-шаралары Жол картасына енгізіліп, орындау үшін бейінді министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарға жолданды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -