Бас прокуратурада Тілдер күні мерекесіне орай «Абай оқулары – 2024» байқауы өтті
Бас прокуратура Қазақстан халқы тілдері күнін атап өтті.
Атаулы мерекеге белгілі ғалымдар Серік Негимов, Жандос Әубәкір, сондай-ақ Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлы қатысты. Іс-шара Қазақстандық прокурорлар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Жиын барысында Абайдың ғибратты мұрасы және мемлекеттік тілдің дамуы туралы мол мағлұмат берілді.
Прокуратура қызметкерлері арасында Абайдың «Ескендір» және «Масғұт» поэмаларын жатқа айтудан өткен байқаудың қорытындылары жарияланып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Аумақтық прокуратура органдарының қызметкерлері жиынға онлайн форматта қатысты.
Бас прокуратураның баспасөз-қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -