Батысқа екінші құтқару батальоны көшірілді
Есет Көкеұлы атындағы 20982 әскери бөлімінің екінші құтқару батальоны Ақтөбеден Орал қаласына көшірілді.
Екінші құтқару батальонының орналасу мақсаты – облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жоюда шұғыл әрекет ету болып табылады.
Әскерилерді оркестрдің сүйемелдеуімен салтанатты түрде күтіп алып, шарада ТЖД бастығының міндетін атқарушы Қ. Қарабалаев жеке құрамға өздеріне жүктелген міндеттерді мінсіз атқарып, төтенше жағдайлардың алдын алуда үлкен үлес қосатынына зор сенім білдіріп, сәттілік, абыройлы қызмет атқаруды тіледі.
БҚО ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -