Батыс Қазақстан облысындағы «ОРМАН» жедел профилактикалық іс-шарасы
Елімізде «ОРМАН» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды. Осыған байланысты, БҚО ТЖД құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдар, полиция, орман шаруашылығы қызметкерлерімен, БАҚ өкілдерімен бірлесіп бір апта бойы 8-14 шілде аралығында облыс аумағындағы мемлекеттік орман қорының аумағында бірлескен рейдтік іс-шарасын ұйымдастыратын болады.
Іс-шара барысында, тұрғындарға көрнекі жаднамалар тарату арқылы өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлерімен шөп шабу жұмыстарын жүргізіп жатырған ауыл шаруашылығы техникаларының өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарына сәйкестігі тексеріліп, анықталған бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 589-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылуда.
ТЖД тұрғындар мен қонақтарды табиғат аясына демалу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауды сұрайды!
БҚО ТЖД Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -