Батыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу және азаматтарды қабылдау
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. Қаныш Аманбайұлы Төлеушин 2024 жылғы 10 мамырда сағат 17.00-да Батыс-Қазақстан облысының тұрғындарымен кездеседі және азаматтарды қабылдайды. Бейнеконференцияға қосылу Халыққа қызмет көрсету орталығында, Орал қаласы, Жамбыл көшесі 81/2 3 қабатта өтеді.
Іс-шараға ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ведомстволарының басшылары қатысады.
Жеке қабылдауға жазылу үшін және сауалдар мен ұсыныстар +7 7112 240596 телефоны арқылы жұмыс ұақытта қабылданады.
Азаматтарды кездесуге белсенді қатысуға шақырамыз.
Министрліктің қызмет бағыттары: телекоммуникация және байланыс, «электрондық үкімет» және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия және картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -