Биыл Байғанин ауданында 185 жоба «Ауыл аманаты» бойынша қаржыландырылды: Ақтөбе облысы, 12 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Биыл Байғанин ауданында 185 жоба «Ауыл аманаты» бойынша қаржыландырылды

Биыл Байғанин ауданында 185 жоба «Ауыл аманаты» бойынша қаржыландырылды

Биыл Байғанин ауданында 185 жоба «Ауыл аманаты» бойынша қаржыландырылды

Байғанин ауданы – ауыл шаруашылығы дамыған аймақ. Бүгінде ауданда 414 шаруа қожалығы, 19 өндірістік кооператив және 5 ЖШС кәсібін жүргізіп отыр. Ауданда 50 мың бастан астам мүйізді ірі қара, 132 мың бас ұсақ мүйізді мал, 33 мың жылқы және 4100 бас түйе бар.

«Жыл басынан бері «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 185 өтінім мақұлданып, 1 млрд 190 млн теңгеге қаржыландырылды. Аталған жобалардың ішінде 15-і – жылыжай, 15-і – құс шаруашылығы, 69 – шағын бизнес ашуға және 90 мал шаруашылығына бағытталған» - деп мәлімдеді Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.

Бүгінде аудан шаруалары мал азығымен толықтай қамтамасыз етілген. Қажетті мал азығымен қамту мақсатында ауылдық округтерде қосалқы жер қорынан жер беру жұмыстары атқарылды. 8 ауылда мал азығы жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 69 үйге арзандатылған бағада 146,2 тонна мал азығы түсірілді.



Ақпарат көзі: ГУ «Акимат Актюбинской области»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p>Байғанин ауданы – ауыл шаруашылығы дамыған аймақ. Бүгінде ауданда 414 шаруа қожалығы, 19 өндірістік кооператив және 5 ЖШС кәсібін жүргізіп отыр. Ауданда 50 мың бастан астам мүйізді ірі қара, 132 мың бас ұсақ мүйізді мал, 33 мың жылқы және 4100 бас түйе бар.</p> <p><b>«Жыл басынан бері «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 185 өтінім мақұлданып, 1 млрд 190 млн теңгеге қаржыландырылды. Аталған жобалардың ішінде 15-і – жылыжай, 15-і – құс шаруашылығы, 69 – шағын бизнес ашуға және 90 мал шаруашылығына бағытталған»</b> - деп мәлімдеді Байғанин ауданының әкімі Айбек Көпенов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында.</p> <p>Бүгінде аудан шаруалары мал азығымен толықтай қамтамасыз етілген. Қажетті мал азығымен қамту мақсатында ауылдық округтерде қосалқы жер қорынан жер беру жұмыстары атқарылды. 8 ауылда мал азығы жәрмеңкесі өткізіліп, нәтижесінде 69 үйге арзандатылған бағада 146,2 тонна мал азығы түсірілді.</p>

Аймақтағы жаңалықтар