БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын кім шеше/пайдалана алады?
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделуге кім пайдалана алады:
Бұл МЗЖ бойынша зейнетақы жинақтары ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын салымшылар. Жиынтық зейнетақысы кемінде 40% деңгейінде жоғалған табыстың орнын толтыруды қамтамасыз ететін зейнеткерлер жинақтарының 50%-на дейін пайдалана алады. Егер сіз зейнеткер болсаңыз, пайдалануға болатын сома мөлшерін Жеке кабинетіңізден көре аласыз. Бұл сақтандыру компанияларымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғалар.
Қаражатты толық шешіп алу/пайдалану мүмкіндігі мына жағдайларда қарастырылған:
Зейнет жасына толуына байланысты немесе 1 және 2-топтағы мерзімсіз мүгедектікке байланысты төлемдерді алу кезінде зейнетақы жинақтарының мөлшері ең төменгі зейнетақы мөлшерінің 12 еселенген мөлшерінен аспаса. 2024 жылы 694 236 теңгені құрайды. Салымшы немесе алушы тұрақты тұруға шетелге кеткен болса; Салымшы қайтыс болып оның зейнетақы жинақтары мұрагерге өтсе; 2023 жылғы 1 шілдеден бастап – еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер баспанаға және емделуге; Өмірді сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан қазақстандықтар баспана мен емделуге.Басқа жағдайларда зейнетақы жинақтарын толық шешіп алу немесе жартылай пайдалану мүмкіндігі заңмен қарастырылмаған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -