COP29-да климаттың өзгеруі, мұздықтар және аймақтық ынтымақтастық сессиясына қатысу
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Орталық және Батыс Азиядағы мұздықтардың еруі проблемаларына және климаттың өзгеруіне қарсы күресте өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға арналған маңызды сессияға қатысты. COP29 аясында өткен іс-шара табиғатты қорғау ведомстволарының басшылары мен халықаралық климаттық ұйымдардың өкілдерін жинады. Шараның бірлескен ұйымдастырушылары COP29 төрағалығы, Жасыл климаттық қор (ЖКҚ), Азия Даму Банкі (АДБ) болды.
Сессия АДБ президенті Масацугу Асакаваның, Жасыл климаттық қордың Инвестициялар жөніндегі директоры Генри Гонсалестің аймақтағы су ресурстарын тұрақты басқаруды қамтамасыз ету үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өткен негізгі сөздерінен басталды.
Іс-шарада Орталық және Батыс Азия елдерінің климаттың өзгеруі, мұздықтар және трансшекаралық ынтымақтастық саласындағы әріптестігі туралы Декларацияға қол қойылды. Министр Ерлан Нысанбаев Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан келген әріптестерімен бірге климаттық өзгерістер мәселелерін шешуге және мұздықтарды сақтауға ортақ міндеттемені көрсететін декларацияны қолдады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -