ЦДИАӨМ және депутаттар жасанды интеллект туралы заң жобасын талқылады: Астана қаласы, 18 Наурыз 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ЦДИАӨМ және депутаттар жасанды интеллект туралы заң жобасын талқылады

Astana Hub-та «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров, Жасанды интеллектті дамыту қауымдастығының өкілдері, жетекші сарапшылар және қазақстандық IT-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Қатысушылар заң жобасының негізгі аспектілерін, жасанды интеллект технологияларын реттеудің ықтимал қауіптері мен артықшылықтарын, инновациялық жобаларды қолдау тетіктерін, сондай-ақ Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту үшін деректердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жолдарын талқылады.

«Жасанды интеллект туралы» заң жобасы жасанды интеллекттің дамуы үшін құқықтық жағдайларды жасау, технологиялардың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленді. Құжатта жасанды интеллект жүйелерін жіктеу, deepfake-контенттің таралуын болдырмау үшін өнімдерді таңбалау, авторлық құқықтарды реттеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері қарастырылған.

Қазіргі уақытта заң жобасы 13 мемлекеттік орган және ұйыммен келісіліп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.

ҚР ЦДИАӨМ Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Astana Hub-та «Жасанды интеллект туралы» заң жобасын талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров, Жасанды интеллектті дамыту қауымдастығының өкілдері, жетекші сарапшылар және қазақстандық IT-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Қатысушылар заң жобасының негізгі аспектілерін, жасанды интеллект технологияларын реттеудің ықтимал қауіптері мен артықшылықтарын, инновациялық жобаларды қолдау тетіктерін, сондай-ақ Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту үшін деректердің қолжетімділігін қамтамасыз ету жолдарын талқылады.

«Жасанды интеллект туралы» заң жобасы жасанды интеллекттің дамуы үшін құқықтық жағдайларды жасау, технологиялардың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамасымен әзірленді. Құжатта жасанды интеллект жүйелерін жіктеу, deepfake-контенттің таралуын болдырмау үшін өнімдерді таңбалау, авторлық құқықтарды реттеу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері қарастырылған.

Қазіргі уақытта заң жобасы 13 мемлекеттік орган және ұйыммен келісіліп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.

ҚР ЦДИАӨМ Баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар