Елордалық волонтерлер Қайырымдылық күні ардагерлер мен зейнеткерлерге азық-түлік себетін таратты
Наурызнаманың онкүндігі аясында Қазақстанда 15 наурыз Қайырымдылық күніне арналған. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде мұқтаж жандарды қолдауға және көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар өтіп жатыр. Астанада Қайырымдылық күні волонтерлер ардагерлер мен зейнеткерлерге азық-түлік себетін таратты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бұл күні «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері «Игі істер марафоны» акциясы аясында тыл ардагерлері мен ерекше қамқорлық пен қолдауды қажет ететін жандарға азық-түлік себетін таратты. Әрбір азық-түліктің қоржынында 40 кг-нан астам маңызды өнімдер бар: ет, сүт, май, жарма.
«Бүгін Қазақстан Наурыз мейрамы қарсаңында Қайырымдылық күнін атап өтуде. Сондықтан Астана жастарының еріктілері елордамыздың тыл ардагерлері мен әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарын қуантуды жөн көрді. Біздің акция оларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, рухына серпіліс береді деп сенеміз», - деп атап өтті «Астана Жастары» волонтеры Индира Маремова.
Сол күні волонтерлер жағдайын сұрап, мерекемен құттықтап барғандардың арасында 89 жастағы тыл ардагері Изолина Тен де болды.
«Сіздердің қамқорлықтарыңызға өте ризамын. Сіздерге зор денсаулық, оқуларыңыз бен жұмыстарыңызға толағай табыс, отбасыларыңызға амандық және бар жақсылықты тілеймін!». – деді зейнеткер.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -