ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде бос лауазымдарға үміткерлерге қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіледі
Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.
«Құқықтық актілер туралы» Заңның 50-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес Қорғаныс министрінің азаматтарды бос әскери лауазымдарға уақытша тағайындау мәселелерін регламенттейтін нормативтік бұйрықтарына құқықтық мониторинг жүргізілді.
Оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті офицерлік құрамының бос әскери лауазымдарына азаматтарды тағайындауға мүмкіндік бермейтін құқық нормалары анықталды. Бұл өз қарамағында әскери қызметшілерден басқаларын тағайындауға жол бермеді.
Жаңартылған нормативтік құқықтық акт осы кедергіні жоюға және азаматтарды Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті офицерлер құрамының бос әскери лауазымдарына уақытша тағайындауға мүмкіндік беруге бағытталған.
Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «электрондық үкімет» порталында биыл 4 сәуірге дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15491112 сілтемесіне өтіп, танысуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -