«Әділдік, Ашықтық, Әдеп»: Астана қаласы, 28 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Әділдік, Ашықтық, Әдеп»

«Әділдік, Ашықтық, Әдеп»

«Әділдік, Ашықтық, Әдеп»

«Әділдік, Ашықтық, Әдеп»

«Әділдік, Ашықтық, Әдеп»

Ағымдағы жылдың 23 қазан күні  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  қызмет істері агенттігінің  Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2024  жылға  арналған  үлгілік  жұмыс   жоспарын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қызметтік әдеп саласындағы талаптарды сақтау мәселелері бойынша Министрліктің  мемлекеттік  қызметшілермен «Әділдік, Ашықтық, Әдеп»  тақырыбында  семинар  өткізілді.

Семинарға  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің бас консультанты Айдын Айболұлы Нығметоллаев арнайы шақырумен қатысты.

Семинар  спикері Министрліктің мемлекетті қызметкерлеріне Әдеп кодексінде  белгіленген  қағидаттарды  түсіндіруде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі адал ниеттілікке, адалдыққа, әділдікке, ашықтыққа, клиентке  бағдарлану  қағидаларына негізделетініне мемлекеттік қызметшінің адамгершілік-әдептілік бейнесін құраушы құндылықтарды жетілдіру, оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшілердің беделі мен мәртебесін арттыруда қызметтік әдеп нормаларының сақталуын атап өтті.

Сонымен қатар,  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына Жолдауында «Бізге сапалық тұрғыдан жаңа мемлекеттік басқарушылар керек. Мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және жұмыстан босату жүйесін заман талабын ескере отырып, қайта жасау қажет. Мемлекеттік қызмет жеке сектордағы кәсіби мамандар үшін барынша ашық болғаны дұрыс. Кадрлық резервті нығайту керек»,-деген пікірін қатысушыларға жеткізе отырып, Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметті адамға бағдарланған және сервистік сипатта ілгерілету, мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру, адам ресустарын басқару процестерін цифрландыру туралы Жолдауындағы тапсырмасының маңыздылығын қатысушыларға жеткізді.

Сондай-ақ семинарда а.ж. Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 602 Жарлығымен Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы көрсеткендей мемлекет қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет  кез-келген Қазақстан азаматына қол жетімді болуы туралы да айтылды.

Семинар барысында қатысушылар Агенттік өкіліне мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мүдделер қақтығысы, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары, мемлекеттік қызметке қабылдаудағы ашықтық, мансаптық ілгерілету мәселелері мен мемлекеттік қызметшілердің үлгілік біліктілік талаптарындағы соңғы өзгерістерге байланысты сұрақтар қойып, ой-пікірлерімен бөлісіп,  ұсыныстарын берді.

Ақпарат көзі: Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар