Қазақстан мен Италия экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда
2024 жылдың 29 қазанында Астанада экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Италия жұмыс тобының 9-шы отырысы өтті. ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен Италия Сыртқы істер министрінің орынбасары Эдмондо Чириелли бастаған делегация негізгі салалардағы екіжақты қарым-қатынастың даму барысын талқылады.Қазақстандық тарап 2023 жылы Италиямен тауар айналымының айтарлықтай өсіп $16,1 млрд жеткенін атап өтті. Бұл өсім энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар және инновациялар сияқты маңызды салалардағы ынтымақтастықтың кеңеюіне мүмкіндік берді.
Тараптар сондай-ақ Италияның CDP қаржы институты SACE және Қазақстанның Даму Банкімен ынтымақтастықтағы алғашқы қаржыландыруды құптады. Бұл бастама жаңартылатын энергия көздеріне, энергия тиімділігіне және денсаулық сақтау мен су ресурстарын қоса алғанда, тұрақты инфрақұрылымға ерекше назар аудара отырып, Қазақстандағы орнықты даму жобаларын қолдауға бағытталған.
Отырыстың маңызды аспектісі Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемін ұлғайтуды талқылау болды, бұл өзара сауда үшін қосымша мүмкіндіктер туғызады.
Сондай-ақ екіжақты экономикалық қатынастардың тиімділігін арттырудың негізгі факторы болып табылатын көлік-логистика секторын дамытуға басымдық берді.
Қазақстан аграрлық сектордағы, соның ішінде жеміс-жидек, көкөніс шаруашылығы және дәнді дақылдарды өңдеудегі ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды. Осы тұрғыда «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы «ҰК» АҚ итальяндық астық өңдеушілермен ұзақ мерзімді серіктестікке және Италия нарығына жоғары ақуызды бидайды жеткізуді талқылауға дайын екендігін білдірді.
Екі жақ та мәдениет, туризм, спорт және көлік инфрақұрылымы саласында тәжірибе алмасуды жалғастыру ниетін растады. Итальяндық компанияларға жаңартылатын энергия көздеріне, сондай-ақ «Қорғас» арнайы экономикалық аймағына және «Астана» халықаралық қаржы орталығы базасындағы жобаларға инвестиция салу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.Жұмыс тобының келесі отырысы 2025 жылы Римде өтетін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -