Әділет министрлігінде маркетплейстердегі зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды
ҚР Әділет министрлігі Еуропалық одақтың қолдауымен «Маркетплейстерде зияткерлік меншік құқықтарын қорғау» тақырыбында семинар өткізді. Онлайн-сауданың қарқынды өсуі және маркетплейстердің танымалдығы жағдайында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бизнес пен мемлекет үшін басты міндеттердің біріне айналып отыр.
Семинарды ашқан Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселықова зияткерлік меншік құқығын қорғаудың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтіп, зияткерлік меншік құқығын қамтамасыз етудің негізгі проблемаларына назар аударды. Әділет органдарының цифрлық ортада зияткерлік меншік құқықтарын қорғау және сақтау қажеттілігі туралы жүргізген құқықтық түсіндіру жұмыстарының арқасында 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 2023 жылдың сол кезеңіне қарағанда тауар таңбалары тіркеу 49%-ға артқан. Егер 2023 жылғы қаңтар – маусымда тіркелген тауар белгілерінің саны 2 673 - ті құраса, онда 2024 жылғы сол кезеңде - 3 982-ні құрады.
«Маркетплейстермен және құқық иелерімен бірлескен күш-жігеріміздің арқасында біз құқық бұзушылықтармен тиімді күресіп, зияткерлік меншік құқығын қорғай алатынымызға сенімдімін», - деп атап өтті Ботагөз Жақселекова.
Семинар барысында Еуропалық одақтың өкілі, зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі аға заңгер Галатея Капеллаку еуропа елдерінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау практикасымен және тәжірибесімен бөлісті.
Семинар спикерлері мен қатысушылары маркетплейстердің танымалдылығының артуы осы платформаларда сатылатын контрафактілік және заңсыз өнім көлемінің ұлғаюына әкелгенін атап өтті. Айта кетейік, мұндай өнімдерді тарату құқық иелеріне зиян келтіреді, сонымен қатар адал бәсекелестікке нұқсан келтіреді.
Аталған іс-шара құқық иеленушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық иеленушілердің маркетплейстермен ынтымақтастығын күшейтуге бағытталған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -