Әділет Вице-министрі Ботагөз Жақселекованың төрағалығымен мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен ҚР үкіметтік емес ұйымдарының коалициясы дайындаған № 2 және № 8 баламалы баяндамаларды талқылау бойынша отырыс өткізілді
2024 жылғы 7 қарашада Әділет Вице-министрі Б.Ш. Жақселекованың төрағалығымен мемлекеттік органдар мен азаматтық сектор өкілдерінің қатысуымен ҚР үкіметтік емес ұйымдарының коалициясы дайындаған № 2 және № 8 баламалы баяндамаларды талқылау бойынша отырыс өткізілді, олардың тақырыптары өмір сүру құқығы, бостандық және жеке басына қол сұғылмаушылық құқығы, азаптаудан және қатыгездік пен жазаның басқа түрлерінен бостандық құқығы, тұтқындардың құқықтары, әділ сот құқығы сияқты іргелі мәселелерді қозғайды.
Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) төрт жылда бір рет жүзеге асырылатын БҰҰ-ға мүше барлық 193 мемлекеттегі адам құқықтары туралы ақпаратты шолудың бірегей механизмі болып табылады. ӘКШ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің құрылымына кіреді және әрбір елге адам құқықтары саласындағы жағдайды жақсарту мақсатында қабылдаған шаралары туралы хабарлауға, сондай-ақ осы саладағы өз міндеттемелерін орындауға мүмкіндік береді.
Өздеріңіз білетіндей, ӘКШ шеңберінде Қазақстанның қорғауының үшінші циклі 2019 жылы өтті, оның қорытындысы бойынша БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңеске қатысушы елдердің 245 ұсынымы алынды. Оның ішінде, 16 ұсыным өлім жазасын толығымен жоюға бағытталған, 8 ұсыным азаптау мен тұтқындарды қатыгездікпен қарауды жоюға, азаптау жағдайлары туралы хабарламаларға уақтылы, транспарентті және жан-жақты тергеу жүргізуді қамтамасыз етуге және кінәлілерді жауапқа тартуға қатысты, 5 ұсыным сот және құқық қорғау жүйесін реформалауға, сот билігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуге және барлығына әділ сот ісін жүргізу құқығы бағытталған.
«Қазақстан адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюросы» ҚБ директорының орынбасары Роза Мақсатбекқызы Ақылбекованың үйлестіруімен баламалы баяндамаларды әзірлеуге тікелей қатысқан ҚР ҮЕҰ коалициясының 4 сарапшысы, Ю.А. Гусаков, Б.А. Төрегожина, А.В. Муха, А.И. Солодова сөз сөйледі.
Сонымен қатар, «Халықаралық шарттардың қазақстандық қоғамдық мониторингі орталығы» ҚБ ұсынған спикер Галина Викторовна Моисеенко балама баяндамаларға талдауын ұсынды.
Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар адамның әмбебап құқықтарын қорғауды нығайту бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастыққа, оның ішінде ҚР ҮЕҰ Коалициясының қалған бес балама баяндамасын талқылауды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -