«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ – БЕЙБІТШІЛІК ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ТӨНГЕН ҚАУІП»
Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Бесбаев Мәди Әбзелбекұлының және аудандық ішкі саясат бөлімі мамандарының қатысуымен, Сайрам ауданының бірқатар мектептері мен колледждерінде білім алатын жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты – өңірдегі жастар арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру және ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы келешек буынның діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру.
Кездесу барысында тақырыпқа байланысты бірқатар сұрақтар мен ой-пікірлер ортаға салынып, тиісті жауаптар берілді. Жалпы кездесулерге 400-ден астам азамат қатысты.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -