ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ҚОҒАМ ДЕРТІ
Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Арыс қаласында халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастардың бойына ұлттық құндылықтар мен теріс идеологияға иммунитетті қалыптастыру, ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүріміз бен тарихымызды насихаттау мақсатында арнайы іс-шара өткізілді.
Іс-шараға республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі А.Оспанов мен белгілі ақын, айтыскер, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі Б.Байтуов қатысты.
Спикерлер өз сөздерінде діни экстремизмнің қауіпін жеткізе отырып, дінді бетперде ретінде пайдаланатын теріс идеологияны жастар арасында белсенді таратылып жатқанын атап өтті.
Осы орайда, радикалдық сипаттағы діни ағымдардың мемлекеттің зайырлы қағидатын қабылдамауды алдыңғы қатарға қоятындығы жеткізілді.
Іс-шараға арнайы шақыртылған мамандар жат ағымдардан келетін қауіп-қатерлерді халық арасында кеңінен түсіндіріп, ұлттық құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді берік ұстануды, сол арқылы түрлі экстремистік идеологияларыға қарсы иммунитетті қалыптастыруға шақырды.
Іс-шара соңында дәстүрлі жыр-терме айтылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -