Діни экстремизмнің алдын-алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде Маңғыстау облысының жалпы білім беру мектебінде кезекті маңызды іс-шара өткізілді.
Діни экстремизмнің алдын-алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу шеңберінде Ш.Есенов атындағы университетінде жастармен кездесу ұйымдастырылды.
Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Ж.Сүлейменов пен Ш.Есенов атындағы университетінің психологы А.Бимагамбетова аталмыш университеттің мұғалімдері мен студенттерінің қатысуымен діни экстремизм мен терроризмді алдын алу бағыттында семинар өткізді.
Семинардың ұйымдартырушылары студенттерге радикалды идеологияның әсерінен орын алып жатқан терроризм қауіпі туралы және алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясат туралы сөз қозғады.
Студенттерге дәстүрлі діннің мейірімділік, адамгершілік, сабырлылық пен әділдік секілді құндылықтар өзегін жеткізе отырып, дәстүр мен ұлттық құндылықтар адамның ішкі дүниесін байытатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шара соңында қатысушылар семинардан алған пайдалы ақпараттары жайында өз пікірлерін айтып, ойлары мен сұрақтарын ортаға салып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
Маңғыстыу облысының ТҚК аппаратының
ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -