Діни сауаттылық тұрақтылық негізі
2024 жылғы 7-9 қыркүйек аралығында Қызылорда облыстық дін істері басқармасының бастауымен Сырдария, Жалағаш аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, полиция бөлімінің қызметкерлерімен, сондай-ақ, «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің жұмыскерлерімен діни экстремизм мен терроризмді алдын алу мақсатында бірқатар ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Дінтанушы Шоманов Болат Шаймолдаұлының қатысумен өткізілген кездесулер келесі тақырыптарды қарастырды:
«Бүгінгі қазақстандық қоғам және мемлекеттілік»; «Қоғамдағы радикалданудың негізгі себептері»; «Рухани-адамгершілік тәрбие қоғамдағы діни тұрақтылығының кепілі ретінде».Б.Шоманов шара барысында қоғамдағы радикалданудың негізгі себептері, діни экстремизм және терроризм профилактикасының өзекті мәселелері және оның қоғамға әсері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Маман қоғамда белең алып жатқан жат діни ағымдарды ажыратудың жолдарын баяндады. Әлеуметтік желілерде теріс идеологиялардың арбауына түспеудің және сақтану қажеттігін ескертті.
Жиын соңында қатысушылар көкейіндегі сұрақтарына жауап берді.
Қызылорда облысы бойынша ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -