Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде елордалық медициналық ұйымдар қалай жұмыс істейді
Жарыс күндері қалалық емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді және қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын болады. Резервтік бейінді палаталарды бөліп, шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді.
103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастыруда. Өтініштер мен қоңырауларды қабылдау 24/7 жүзеге асырылады.
Елордалық стационарлар әдеттегідей белсенділігін төмендетпей, тәулік бойы жұмыс істейді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -