Данияр Қайырханұлы Шәкәрімов Аягөз ауданының әкімі болып тағайындалды
Шәкәрімов Данияр Қайырханұлы 1981 жылы 15 ақпанда Аягөз ауданы Аягөз қаласында дүниеге келген. Семей қаласындағы Р. Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжін «Қайнар» университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Семей қаласының Наркологиялық диспансерінің материалдық тобының бухгалтері болып бастады.2003-2004 жж. - «Алтын төбе» тау-кен өндіру кәсіпорны жабық акционерлік қоғамының қаржы-шаруашылық бөлімінің менеджері.2004-2013 жж. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бас маманы.2013-2014 жж. Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы бойынша посткедендік бақылау департаменті Кедендік инспекция бөлімінің жетекші маманы.2014-2016 жж. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы.2016-2018 жж. «KAZTYRE» ЖШС сатып алу жөніндегі маманы.2018-2019 жж. Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары.2019-2021 жж. Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі басшысы.2022 жылдың мамырынан қараша айына дейін Семей қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.2022 - 2023 жж. Семей қаласының әкімінің орынбасары.Тағайындалғанға дейін Семей қаласының мәслихатының төрағасы болған.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -