Дауылды ескерту: Шығыс Қазақстан облысы, 03 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Дауылды ескерту

 "Казгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалының ақпараты бойынша 28 қазанда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын - жаңбыр, қар күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ. оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.Жолға шығар алдында құтқарушылар жүргізушілерге жүксалғышта бар-жоғын тексеруді ұсынады: сүйреткіш арқан, ескерту үшбұрышы, жанармай қоры, күрек, қол шам, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы, жылы киім, тамақ.Көлігіңіз жабдықталмаған болса, елді мекендерден тыс сапарға шықпағаныңыз жөн. Төтенше жағдайда «112» нөмірін теріп, құтқарушыларды шақыру үшін ұялы телефон мен қуаттандырғыш әрқашан өзіңізбен бірге алып жүру керек.Автомобильшілер жылдамдық режимін сақтауы керек, жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдауы керек.Желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз.



Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области»


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
<p> "Казгидромет" РМК ШҚО бойынша филиалының ақпараты бойынша 28 қазанда күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын - жаңбыр, қар күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ. оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.Жолға шығар алдында құтқарушылар жүргізушілерге жүксалғышта бар-жоғын тексеруді ұсынады: сүйреткіш арқан, ескерту үшбұрышы, жанармай қоры, күрек, қол шам, алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы, жылы киім, тамақ.Көлігіңіз жабдықталмаған болса, елді мекендерден тыс сапарға шықпағаныңыз жөн. Төтенше жағдайда «112» нөмірін теріп, құтқарушыларды шақыру үшін ұялы телефон мен қуаттандырғыш әрқашан өзіңізбен бірге алып жүру керек.Автомобильшілер жылдамдық режимін сақтауы керек, жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдауы керек.Желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, автобус аялдамаларының артына, ағаштардың астына тығылмаңыз.</p>

Аймақтағы жаңалықтар