2024 жылдың 27 қарашасында облыс әкімдігінің отырысы өтеді
Құрметті Шығыс Қазақстан облысының, Өскемен қаласының тұрғындары және қала қонақтары!
2024 жылғы 20 қарашада өткізуге жоспарланған әкімдік отырысы 27 қарашаға сағат 10-00-ге ауысты. Отырысқа Шығыс Қазақстан облысы әкімі төрағалық етеді.
Мекенжайы: Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40, № 108 конференцзал.
Отырыс ашық түрде өтеді, онлайн режимде трансляцияны YouTube арнасынан көруге болады.
Әкімдік отырысына тікелей келіп қатысуға ниет білдіргендер үшін хабарлаймыз.
Отырыс өткізілетін күннен екі (2) жұмыс күні бұрын, 25 қарашаға дейін қағаз немесе электрондық түрде өтініш қабылданады. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы және байланыс телефоны көрсетіледі.
Өтінішті М.Горький көшесі, 40, облыс әкімдігінің ғимараты, 414 кабинетте қабылдайды, электрондық түрде P.Kokkozeva@akimvko.gov.kz поштасына жіберуге болады.
Отырысқа келіп қатысушылар ғимаратқа кіргізу тәртібін сақтауға міндетті.
Қаралатын мәселелер:
1. Шығыс Қазақстан облысының ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы
Баяндамашылар:
Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов, ветеринария басқармасының басшысы
Қалалар мен аудандар әкімдері
Ақпараттар:
1. Мемлекет басшысының 2024-2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін екі есе ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау жөніндегі Жол картасын іске асыру туралы
Баяндамашылар:
Ажар Елемесқызы Каджибекова, ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы
Қалалар мен аудандар әкімдері
2. Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы
Баяндамашылар:
Серік Жеңісұлы Жеңісов, ішкі саясат басқармасының басшысы
Қалалар мен аудандар әкімдері
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -