Демалыс күндері Абай облысында суда 9 адам құтқарылды
Бірінші оқиға ағымдағы жылдың 22 маусымында Курчатов қаласында болды, онда өрт сөндіруші құтқарушы азаматтық қорғау кіші сержанты Жұмағазин Жанғазы және өрт сөндіруші-құтқарушы кіші сержант Оспанов Әділет «Курчатов қаласының қалалық жағажайы» аумағында шомылу кезінде 1976 жылы туған әйелді құтқарып, судан шығарды.
Екінші оқиға 23 маусымда Семей қаласында, Семей қаласының Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушылары Руслан Масанов пен Рустам Бейісханов Ертіс өзенінде патрульдеу жүргізу барысында, «Семей қаласының қалалық жағажайы» аумағында шомылу кезінде 2012 жылы туған қызды құтқарып, судан шығарды.
3 сағаттан кейін Семей қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Сергей Ахременко мен Архат Тілеубердинов Ертіс өзенінде патрульдеу жүргізу барысында «Семей қаласының қалалық жағажайы» аумағында шомылу кезінде 2009 және 2011 жылы туған үш жасөспірімдерді құтқарып, судан шығарды.
Төртінші оқиға «Семей қалалық жағажайы» аумағында болды, онда жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Сергей Ахременко мен Архат Тілеубердинов патрульдеу жүргізген кезде «Шоқан Уәлиханов» кемесінің қызметкерлері 1986, 1992, 2005 және 2007 жылдары туған ер адамдарды құтқарып, жағаға жеткізді.
Төтенше жағдайлар департаменті Абай облысының қонақтары мен тұрғындарынан судағы қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз сақтауды сұрайды!
Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -