ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ МЕН USAID ӨКІЛДЕРІ ЕЛДІҢ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың USAID денсаулық сақтауды басқару мәселелері жөніндегі кеңесшісі Жан-Жак Фреремен кездесуі барысында халықтың денсаулығын сақтауға және халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін жақсартуға бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Тараптар фармацевтика өнеркәсібін дамыту, дәрілік препараттардың сапасын арттыру және фармацевтикалық өнімдерді жеткізу тізбегін әртараптандыру аспектілерін қоса алғанда, одан әрі ынтымақтастық жоспарларын белгіледі.
Кездесу қорытындысы бойынша еліміздің фармацевтика саласында заманауи тәсілдер мен практикаларды енгізу мақсатында тығыз өзара іс-қимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -