ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНДЕ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ ЖАУАПКЕРШІЛІГІН САҚТАНДЫРУДЫ ЕНГІЗУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің төрағалығымен өткен семинар-кеңесте медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды енгізудің практикалық мәселелері талқыланды.
Операциялық жоспар үш бөлімнен және 37 іс-шарадан тұрады, оған норма шығару, білім беру және ұйымдастырушылық қызмет кіреді.
Заңның іске асырылу аспектілерін талқылау бойынша кезекті кеңестің жұмысына ҚР ДСМ-ның құрылымдық бөлімшелері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары, МФБК АД, ҰҒДДО, РЭДО, ҰДП, ӘМСҚ, медициналық ЖОО, ҚР ДСМ ведомстволық бағынысты ұйымдары, кәсіподақ ұйымдары, сақтандыру компаниялары және т. б. қатысты.
Норма шығару қызметі шеңберінде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігі бойынша нормативтік құқықтық актілер әзірленіп, бекітілді. Медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын, диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын әзірлеу және өзектендіру жөніндегі жоспарды бекіту күтілуде.
Білім беру қызметі шеңберінде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру процесін іске асыру үшін пациенттерді қолдау қызметіне сараптама жүргізуге оқыту үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмыс басталады.Тәуелсіз сараптамалық комиссияларға қатысушы бейінді мамандарды одан әрі оқыту үшін профессорлық-оқытушылық құрамның тренингі өткізілетін болады.
Ұйымдастыру қызметі шеңберінде өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары бейінді мамандардың тізілімін қалыптастырады және пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің барлық медициналық ұйымдарында құрылып, нығайтылатын болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -