Депутаттар Алматы қаласының жаңа өрт сөндіру депосына келді
Қалалық мәслихат депутаттары Бостандық ауданында орналасқан № 20 өрт сөндіру депосына жұмыс сапарымен келді.
Кездесу барысында ТЖД бастығының міндетін атқарушы Асан Айтеев депутаттарға материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қызмет өткеру мәселелері туралы хабардар етті, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандырудың проблемалық мәселелерін айтты.
Бұл нысан Ерменсай, Нұр-Алатау, Нұрлытау, Қазақфильм, Бағанашыл ш/а жалпы халық саны 45 мыңнан астам адамды және 146 шаруашылық жүргізуші субъектіні өрттен қорғауды қамтамасыз етеді.
Алматы қаласы мәслихатының басшысы Мейіржан Отыншиевтің басшылығымен депутаттар Әміржан Нәбиев, Олжас Нұралдинов және Зия Талғатов өрт сөндіру депосы жұмысының ағымдағы аспектілерімен танысты.
Депутаттар Алматы қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде жан-жақты қолдау көрсетуге ниет білдіріп, жаңа өрт сөндіру депосының тиімді жұмысының маңыздылығын және оның қоғамдық мүдделер мен экономикалық активтерді қорғаудағы рөлін атап өтті.
Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -