Dogs марафон: елордалық Триатлон саябағында иттер жарысы өтеді
17 тамызда Триатлон саябағында Dogs марафоны өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жарысқа кез-келген тұқымды иттер қатыса алады. Негізгі ереже: қарғыбауды немесе амортизациялы тартқышты және тұмылдырықты қолданыңыз.
Жануарларға сыйлық ретінде YUKI-SAN тәттілер дайындалды.
Марафонға тіркелу 17 тамызда сағат 08:00-де басталады, ал жарыстың өзі 09:00-де басталады.
Іс-шара Астана әкімдігінің қолдауымен және қазақстандық иттер спорт федерациясының елордалық филиалының қатысуымен өтеді.
Қосымша ақпарат: +7 700 543 8585, Әділ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -