«Еңбек» депутаттық тобының отырысы
28 мамырда Кәсіподақтар үйінде «Еңбек» депутаттық тобының алғашқы отырысы өтті. Депутаттық топ құрамына Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «Аманат», «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және «Байтақ» қазақстандық жасылдар партияларының 7 депутаты кірді.
Бірінші отырыстың күн тәртібінде бірнеше негізгі мәселелер қаралды: депутаттық топ туралы ережені, 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту; ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою.
«ШҚО кәсіподақ орталығы» АКБ төрағасы Темірбек Қасымжанов өз сөзінде өңірлерде «Еңбек» депутаттық топтарының құрылуы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының бастамасымен екенін айтып, жұмыстың негізгі аспектілерімен, мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша депутаттық топтың төрағасы болып облыстық мәслихаттың депутаты, «Үлбі» қалалық аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша комиссия мүшесі, «АМАНАТ» партиясы ШҚОФ жанындағы Әйелдер қанатының «Әйелдер зорлық-зомбылыққа қарсы» бағытының жетекшісі Сания Аубакированың кандидатурасы сайланды.
Отырыс барысында депутаттық топ туралы ереже және 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі Серік Мизанбеков өз сөзінде әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелерді шешуде ынтымақтастық пен ұжымдық жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу нәтижесінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілдігі мен «ШҚО Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында еңбекшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Депутаттық топ мүшелері кездесуді ұйымдастырған аумақтық кәсіподақ бірлестігіне алғыстарын білдіріп, еңбекшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді. Депутаттық топтың бірінші отырысы азаматтардың өмір сүру сапасы мен еңбек қауіпсіздігін арттыру бағытындағы белсенді және жемісті жұмыстың жақсы бастамасы болды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -