Экология министрі «QazBioPharm» Ұлттық холдингінде өткен жиынға қатысты
2025 жылғы 14 наурызда "QazBioPharm” Ұлттық холдингінде өткен кездесуге Президент Әкімшілігінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, Холдингтің жетекші ғалымдары мен Ә.Бөкейхан атындағы “Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС Басқарма төрағасы қатысты.
Шарада неғұрлым төзімді өсімдік тұқымдарын өсіру, Арал теңізінің құрғаған табанын көгалдандыру, жасыл белдеу құру, сондай-ақ фитопатологиялардың таралуының алдын алу сынды тақырыптар қозғалды. Генетикалық инженерия мүмкіндіктеріне және құрғақшылық пен топырақтың тұздануына төзімді түрлерді шығаруға баса назар аударылды.Холдингтің бас директоры Е.Әбдірайымов ғылым, өндіріс саласындағы қызметтің негізгі нәтижелері мен жетістіктерін, сондай-ақ биопрепараттар өндірісін кеңейту жоспарларын ұсынды.
Сондай-ақ, аталмыш кездесуде Ұлттық биотехнология орталығының мамандары экожүйелерді қалпына келтіруге бағытталған озық әзірлемелер мен зерттеулерді көрсетті. Генетикалық инженерия мүмкіндіктеріне және құрғақшылық пен топырақтың тұздануына төзімді түрлер шығаруға ерекше назар аударылды.Талқылаулардан кейін делегация Ұлттық биотехнология орталығының зертханалары мен жылыжайына барып, өсімдіктердің селекциясы мен гендік инженерия саласындағы соңғы әзірлемелерімен танысты. Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаев ғылым мен мемлекеттік құрылымдардың ынтымақтастығы, экологиялық міндеттерді шешуде және тұрақты табиғат қорғау стратегияларын қалыптастыруда шешуші рөл атқаратынын атап өтті.Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закария Холдингтің жоғары ғылыми әлеуетін, зерттеулердің белсенді дамуын ғана емес, олардың практикалық қолданылуын да атап өтті. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықтың, озық технологиялармен алмасудың және үздік тәжірибелерді енгізудің маңыздылығына тоқталды. Қазақстан өңірлерінде білім беру мен мамандар даярлауға ерекше назар аударылды, бұл ғылыми жетістіктерді масштабтауға және саланың дамуына мүмкіндік береді.Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экология және биотехнология саласындағы одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді. Қатысушылар қоршаған ортаны қорғау және экожүйелерді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға ғылыми әзірлемелерді енгізу қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -