Экология және табиғи ресурстар министрі азаматтарды жеке қабылдады
28 тамызда Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің азаматтарды қабылдау орталығында кезекті халықпен кездесуін өткізді.
Азаматтарды қабылдау аралас форматта өтті, қабылдауға жазылған азаматтар жеке тыңдалды, сондай-ақ бейнеконференц байланыс режимінде еліміздің түкпір-түкпірінен өтініш берушілер қатыса алды.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысымен кездесуде экологиялық проблемалар көтерілді, жасыл технологиялар бойынша «GreenTech технологиялық платформасын дамыту бойынша ұсыныстар» презентациясы көрсетілді. Автомобиль майларымен қоршаған ортаны ластау, қоқыс контейнерлерін жаңарту, жабайы жануарларды жартылай қоршау және қоршау мәселелері және т. б. мәселелер көтерілді.
Қабылдауға Астана қаласының бір топ тұрғындары қатысты, олар жоғары вольтты электр беру желілерінің астында тұратын адамдардың денсаулығына және экологияға әсер ету мәселелерін көтерді.
Мұндай кездесулер жүйелі түрде өтеді. Барлық өтініш білдірушілерге толық жауаптар, түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -