Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев өңірлердегі жылыту маусымына дайындық барысы туралы баяндады
Бүгін ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында ағымдағы жылы электр станцияларында жөндеу жұмыстарының барысы туралы есеп берді.
Системалық оператор бекіткен жөндеу кестесіне сәйкес, 2024 жылы электр станцияларында 10 энергоблокты, 55 қазандықты және 45 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған. Олардың ішінде әртүрлі кезеңдерде 3 энергоблокта, 32 қазандықта және 16 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 1 энергоблокта, 6 қазандықта және 9 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды.Сонымен қатар, ағымдағы жылы электр желілерінде жалпы ұзындығы шамамен 20,8 мың км электр жеткізу желілерін, 423 жоғары вольтты қосалқы станцияларды күрделі жөндеу жоспарланған.Бүгінгі күні 4,1 мың шақырым электр жеткізу желілері мен 227 қосалқы станция, 909 тарату пункті және трансформаторлық қосалқы станциялар жөнделді.Бұдан бөлек, министр алдағы жылыту маусымына жөндеу жұмыстарын жеделдету қажет бірнеше энергетикалық кәсіпорындарды атап өтті. Атап айтқанда, Риддер ЖЭО-да № 5 қазандықты жөндеуді жеделдету және белгіленген мерзімде циркуляциялық су құбырын ауыстыруды, № 4 турбинаны жөндеуді және күл-құм қоймасын тазалауды аяқтау қажет. Биылғы жылдың қыркүйегіне дейін Екібастұз ЖЭО-да 4 су қыздырғыш қазандықты және Жезқазған ЖЭО-да №5 қазандықты жоспарланған жөндеу жұмыстарын аяқтау қажет.Бүгінгі күнге дейін Степногорск ЖЭО-да, «МАЭК» ЖШС электр станцияларында жөндеу жұмыстары басталмаған. Сондай-ақ Кентау ЖЭО-да № 5 қазандықты жөндеу басталмаған, ал №8, 11 қазандықтарды қайта құруда (3-тен 24 тәулікке дейін) кешігу бар. № 7 және 12 қазандықтарды қайта құру жұмыстары енді ғана басталды.А. Сәтқалиев атап өткендей, алдағы күзгі-қысқы кезеңге сәтті дайындалу үшін жөндеу жұмыстарын қажетті көлемде және келісілген мерзімде орындау, жоспарланған жөндеу көлемдерін, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстар бойынша қысқартуға жол бермеу, сондай-ақ энергия көздерінде нормативтік отын мен қосалқы бөлшектердің қорын құру қажет.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -