Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов ADIPEC2024 халықаралық энергетикалық конференциясына қатысты
ҚР Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов 2024 жылғы 4-5 қазанда Абу-Дабиде өткен ADIPEC2024 ірі халықаралық энергетикалық конференциясына қатысты.
Конференция аясында вице-министр "министрлердің дөңгелек үстелі" сессиясына қатысты, оның негізгі тақырыптары энергетикалық ауысудың басымдықтарын талқылау, өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін энергетикалық нарықтарды дамыту, энергетика саласын трансформациялау және әлемдік экономикадағы дамушы нарықтардың рөлі болды.
Вице-министр сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздік, тұрақтылық және болашақ энергия сұранысы, сондай-ақ технологиялық инновацияларды жеделдету және шығарындыларды азайту мақсаттарына жету үшін қажет маңызды серіктестіктер талқыланған ОПЕК-тің дөңгелек үстеліне қатысты.
Сонымен қатар, Әлібек Жамауов TotalEnergies, Shell, ENI және ExxonMobil сияқты әлемдегі жетекші мұнай-газ компанияларының көрме павильондарына барып, саладағы соңғы жетістіктермен және инновациялармен танысты.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -