ЕАЭО-да ғылыми атақтарды өзара тану талқылануда
Ортақ еңбек нарығын дамыту және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтарын жұмысқа орналастыру рәсімдерін оңайлату шеңберінде ғылыми атақтар туралы құжаттарды өзара тану туралы халықаралық шарттың жобасы талқыланады.
Бүгінгі таңда профессор, қауымдастырылған профессор (доцент) және аға ғылыми қызметкер ғылыми атақтары бар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің азаматтары жұмысқа орналасу мемлекетінің заңнамасы бойынша тану рәсімдерінен өтуге мәжбүр.
Әзірленіп жатқан халықаралық шарт ғылыми атақ иелерін тиісті рәсімдерден өту қажеттілігінен босатуға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, тараптар ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі және ғылыми атақтарды өзара тану үшін сәйкестігі қажет басқа да өлшемшарттары туралы келеседі.
Уәкілетті ұйымдар арасында ғылыми атақтар туралы құжаттарды тану мәселелері бойынша ақпарат алмасуды жүзеге асыру жоспарлануда.
Мысалы, «Ғаламтор» желісіндегі уәкілетті ұйымдардың ресми сайттарында ғылыми атақтар беру мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері, ғылыми атақтардың тізбесі мен үлгілері, белгіленген ғылыми аттестациялар туралы мәліметтер және т. б. орналастырылатын болады.
Жалпы, бұл жұмыс Қазақстандық ғылыми дәреже иегерлерін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердегі артық бюрократиялық формальдылықтан босату мақсатында жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда «бестік» елдері аталған мәселе бойынша келіссөздерді жалғастыруда.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -