ЕАЭО елдерінің жоғары аудит органдары бірлескен аудиторлық іс-шара өткізді
3 маусымда Қазақстанның Жоғары аудиторлық палатасында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің жоғары аудит органдары бірлескен бақылау тобының кездесуі өтті.
Негізгі тақырып – ЕАЭО елдерінің мемлекеттік қаржы органдарының Кедендік әкелу баждарының (балама қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, сондай-ақ оларды мемлекет бюджеттеріне аудару тәртібі туралы хаттаманы сақтауын тексеру.
Кездесуге қатысушыларды Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Ардақ Теңгебаев қарсы алды. Іс-шара барысында бірлескен аудиторлық іс-шараны өткізудің негізгі аспектілері және оның аясындағы алдағы жоспарлар талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша әр тараптың өкілдері аудиторлық іс-шараны ұйымдастырғаны және сүйемелдегені үшін ризашылықтарын білдіріп, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екенін білдірді.
Бірыңғай бағдарламаға сәйкес қазіргі уақытта бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінде жүргізілуде. Одан әрі ол Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресейдің уәкілетті органдарында жалғасады. Бақылау іс-шарасының қорытындылары биыл жыл соңында ЕАЭО елдері жоғары аудит органдарының бірлескен алқасында шығарылады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -