Египет қазақстандық бидайды экспорттауға мүдделі
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Египеттің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хассан Ибтиссам Ракха Ахмедпен кездесу өткізді. Тараптар АӨК саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылады.
Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл басым бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті.
«Египетпен жалпы тауар айналымындағы АӨК өнімдерінің үлесі төмен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өзара тиімді жеткізу көлемін ұлғайту әлеуеті толық көлемде пайдаланылмайды. Біз жұмысты күшейтуіміз керек. 2024 жылы қабылданған шаралар мен агротехнологияларды сақтаудың арқасында дәнді дақылдардың рекордтық өнімі жиналды. Біз Египетке 1 млн тоннаға дейін астық экспорттауға дайынбыз, ал қажет болған жағдайда жеткізу көлемін ұлғайтуға дайынбыз», - деп атап өтті министр.
Хассан Ибтиссам Ракха Ахмед Қазақстанға осы мәселені талқылау үшін жақын арада «Египеттің болашағы – тұрақты даму» агенттігінің өкілдері келетіні туралы хабарлады.
Қазақстандық тарап олардың жұмысына жан-жақты көмек көрсетуге дайын.
Сондай-ақ, Египетке сиыр мен қойды экспорттау, бидай мен дәнді дақылдарды сақтауға арналған қоймаларды бірлесіп салу мәселелері қаралды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -