Egov порталының жаңалықтары
Е-Gov.kz порталының пайдаланушылары көлік құралын басқаруға жарамды екенін растайтын 073/е нысанындағы медициналық анықтаманы ала алады.073/е нысанындағы медициналық анықтама – барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат, ол көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқ екенін растайды.Бұрын азаматтар бұл анықтаманы төрт маманнан (терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог) медициналық тексерістен өткеннен кейін қағаз түрінде алатын.Е-Gov.kz порталындағы жаңа қызметтің арқасында медициналық анықтама алу процесі жеңілдеді. Енді пайдаланушылар медициналық тексерістен өткеннен кейін анықтаманы электрондық форматта алады, ал цифрлық құжат автоматты түрде бірыңғай деректер қорында сақталады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -