Еліміздің орманды аумағы артып келеді
Бүгін ҚР Үкіметінің отырысы барысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орман шаруашылығының дамуы және еліміздің орманды аумағының артуы туралы айтты.
Сонымен қатар орман шаруашылығы мекемелерін өрт сөндіру техникасы және жабдықтармен қамтамасыз ету, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шаралары (тәуекелдер үшін 100% үстемақы төлеу) қабылданып жатқанын атап өтті.
Мәселен, өткен жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден техника мен жабдықтарды сатып алуға 15,9 млрд. теңге бөлініп, оған 526 бірлік өртке қарсы және патрульдік техника сатып алынған болса, 2024 жылы еліміздің орман шаруашылығы тарихында алғаш рет 1384 бірлік өртке қарсы техника мен 921 тіркеме техниканы сатып алуға 52 млрд. теңге бөлінді оның ішінде лизинг есебінен 40 млрд.теңге.
Бұдан басқа, орман өрттерін ерте анықтау жүйелерін орнату есебінен 961 мың га мемлекеттік орман қоры осы жүйенің тұрақты бақылауында болады. Келесі жылы осындай жүйе «Семей орманы» резерватында енгізілетін болады.
Орман отырғызу көлемінің артуы орман питомниктерінің дамуына серпін берді. Соңғы төрт жылда 1300 га. аумақта жаңа орман питомниктері қайта жаңартылды және құрылды, сонымен қатар 114 жаңасын салу сонымен қатар 1176 га. аумақта орман питомнигін қайта құру жоспарлануда.
Айта кету керек, «Семей орманы» резерватының өзінде отырғызу материалы швед технологиясымен жабық тамыр жүйесімен өсіріледі, бұл, өз кезегінде, көшеттердің тіршілік ету деңгейін 90%-ға дейін арттырып, өсіру мерзімін екі жылдан бір жылға қысқартады. Мұндай әдіс еліміздің 6 өңірінде де енгізілетін болады.
Тағы бір маңызды мәселе – Аралдың құрғатылған ұлтанына орман мелиорациясы (ОДАМ).
Елімізде Арал теңізінің құрғаған ұлтанына орман мелиорациялау бойынша ғылыми ізденістердің отыз жылдық тәжірибесі бар, олар биыл жалпыланып, бекітілді. Көрсетілген кезеңде 600 мың га. астам алқапта орман дақылдары егілді, оның ішінде соңғы төрт жылда шамамен 413 мың га.
ОДАМ жұмыстарының сапасын арттыру және осы жұмыстарды ғылыми сүйемелдеу үшін Министрлік Қазақ орман шаруашылығы және агроорман шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Қызылорда қаласындағы филиалын ашу бойынша іс-шараларды бастады.
Соңында ведомство басшысы: «Министрлік Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілген мемлекеттік орман қоры аумағында офсеттік жобаларды іске асыру мүмкіндігі бөлігінде заңнамаға түзетулер дайындады», - деп атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -